Көп уақыттан кейін үлкен жетістіктерге жетіп, беделді болған кезде бұрынғы қызымды кездестіргім келеді. Білмеймін неге екенін... Мүмкін өзімнің өскенімді көрсету үшін шығар, мүмкін кімнен айырылып қалғанын көрсету үшін шығар. Оны тағы да бір көріп үнсіз ғана көзбен қоштасқым келеді. Оны ұмытқанымды, оған деген ешқандай ашу-ыза қалмағанын, тек сыйластық пен жылы естеліктер қалғанын көрсеткім келеді. Сол кезде ғана оны жіберетін сияқтымын. Оның басқа біреумен кеткенін көрген кезде ғана одан үмітімді үзетін сияқтымын.
Өзімді басқа адамдармен салыстырсам мен оларға қарағанда алға ұмтылуым баяу көрінеді. Менің жасымдағылардың көбінің не пәтері, не автокөлігі, не екеуі де бар. Ал мен енді ғана жұмыс істеп жатырмын осы бағытта. Қыздардың маған қызықпайтыны да осыдан шығар, көрініп тұр ғой ешкімнің проблемасын шеше алмайтыным. Өзімнің проблемамды шеше алмасам, басқалар үшін жауапкершілік алуым мүмкін емес қой.
Кішкене пысық болу керек. Тәуекелге барып, танымайтын адамдармен бірігіп жұмыс істеп, команда құрып алға қойған мақсатыма жете алатындай болуым керек.
Жаңа әдістің бір ұшынан ұстағандаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, физиканы өмірмен байланыстыру, олардың сабақтың соңындағы рефлексиясы мен үшін ең қиын мәселелер болып келіп еді, енді ChatGPT арқасында барлығын шешуге болатынын түсіндім. Енді осы әдісті ары қарай жетілдіріп, өзімнің жеке стильімді құрастырып алсам керемет болар еді.
Дамыту керек. Әр сабағымды осы жолмен дайындайтын болсам, уақыт өте неше түрлі жолдарын тауып, тез және тиімді дайындап шығатын боламын. Ал тәжірибем алда кітаптар жазып шығуға мүмкіндік береді. Физика пәні бойынша жұмыс кітабын дайындап шығамын ба, әлде әдістемелік кітап шығарамын ба білмеймін. Барлық мектеп оқитын кітап шығарғым келеді.
Алдымда нақта қадамдар мен анық мақсат болмаса жұмыс істеу қиын.
1. Unity арқылы AR приложение жасауды үйрену (февраль); 2. Ойымдағы приложениені жасауға қажетті навыктарды үйренгенімді көрсететін приложение жасау (март); 3. Нақты приложениенің 1-нұсқасын жасау (апрель); 4. Приложениенің жақсартылған 2-нұсқасын жасап PlayMarket-ке шығару (май, июнь, июль, август);
Приложение минималистік дизайнда ең керекті функциялармен ғана жасалады. Нәтиже: қарапайым AR приложение жасауды және 3D модельдермен, анимациямен жұмыс істеуді білемін; Проектіні аяқтау: Үш ай демалыстың ішінде
Ары қарай? Сонша уақыт үйреніп, үйренгенімді ұмыта саламын ба сонда? Әлде бас тартайын ба? (Басында айту керек еді жоқ деп)
Қайта-қайта ойлаймын бекер келістім ба деп. Дәл сол сәтте жақсы идея болып көрініп еді, ал қазір басқаша ойлап отырмын. Қолымнан келмейтін сияқты ма, әлде бекерге әуре болып қалатын сияқтымын ба білмеймін, бірақ өзімді қинап үйреніп отырмын Unity-ді. Қиындық кездескен сайын осы ғой менде - басқа бір оңайырақ іске ауысып кеткім келіп тұрады. Бұл жолы да солай. Неге дизайн жасауды жалғастыра бермедім, неге Python-ды оқи бермедім ары қарай деп (өкініп?) отырмын. Ал қазір келісіп қойғаннан кейін ұялып отырмын істемеймін деп айтуға. Бір жағынан өзімді қинап болса да проектіні соңына дейін жеткізсем бір нәтиже шығатынына сенімдімін, мүмкін ақша түсіп қалар, мүмкін басқа салаға ауысып кетермін кім біледі. Бірақ баяғыша дизайн мен python-ды ғана оқи беретін болсам одан пайда табатыным екіталай. Осылай өзімді жұбатып қоямын. Шынында да, өзім ғана жұмыс істеп әзірге ешнәрсеге жеткен жоқпын. Сондықтан да командамен жұмыс істейтінімізді білгенде іштей бір үміт болды бұл жолы басқаша бола ма деген. Приложениені жасау қолымнан келетініне күмәнданбаймын, тек проект біткеннен кейін үйренгенім пайдасыз болып қалмай ма деймін. Иә, үйренбей жатып, проектіні бастамай жатып осындай ойлар келіп жатыр. Өтірік болса да бір жауабы болса екен деймін осы сұрақтың, олсыз істеп жатқан нәрсемнің мәні болмай қалады. Осы проекттен кейін Figma-да дизайн жасаумен айналысып кетсем ба деген ойлар болған. Бірақ менің негізгі мақсатым дизайнер болу емес, проекттерді жүргізу... Бір істің маманы болу керек қой алдымен, ал проекттерді бастау үшін ең бірінші дизайн керек. Сондықтан бұл ең тиімді жол болар еді. Ойымда бірнеше проект бар, оның әрқайсына әртүрлі навык керек.